Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Қызыл жұлдыз» ауылдық «Бейшен» мешітінің имамы Акбар Тоқтасынұлы «Қызыл жұлдыз» ауылдық округі әкімдік ғимаратының мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Дін мен дәстүр» тақырыбын қозғады.
Насихат барысында ауыл имамы: «Қазақ халқының дәстүрін Ислам дінінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Себебі күнделікті өмірдегі іс-әрекетіміз, өмір сүру салтымыз, түсінігіміз, дүниетанымымыз Ислам дінімен біте қайнасып жатыр. Сөзіміздің дәлелі ретінде бірнеше мысал келтірсек»,-деп қазақ халқының бірнеше дәстүрлерін баяндап өтті.