Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Ерікті, еріксіз құлшылықтардың барлығы тазалықтан басталады.
«Тазалық – иманның жартысы» - демекші, әр мұсылманға түскен мiндет – айналамыздағы қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау.
Осы сенбі күні аудандық орталық "Толымбай тегі Зиябек" мешітінде мешіт жамағаттары сенбілік ұйымдастырды. Қураған тал-дарақтарды кесіп, мешіт ауласын тазалады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.