Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы, «Тұрыс» мешітінде ауыл жастарының ұйымдастырумен су тасқынына көмекке келгендерге (40 адам) дастархан жайылды. Ауылдың аула мен көшесін су басқандықтан Алланың разылығын үміт етіп, еліміз бен жеріміз бір деп бауырларға көмекке келгендерге алғысын білдіріп, құрмет көрсетілді.
Өзгеге жәрдем бергендерге Алланың өзі жірдемші болатындығы анық. Алла тек осындай қиын-қыстау кезінде ғана емес, әр уақытта ынтымақ пен ауызбіршілігімізден айырмасын.