Ғаламдық деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Айт - барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Мұсылмандар оразадан кейін ауыз бекітпейтін ең алғашқы күн. Отыз күн оразада жасаған құлшылық ғибадаттан кейін құлдың бір сәт үзіліс алып, мерекелік көңіл-күйде Алланың сансыз нығметтеріне ой жүгіртетін кезі. Осынау ұлық мереке біздің ұлы даламызда аса жоғары бағаланып, осы уақытқа дейін ұлықталды.
Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы әжелер алқасы мүшелерімен Рамазан айт намазына қатысып, әжелер бөлмесінде дастархан басында бас қосты. Қордай ауданының бас имамы Алмуханбетаранжан Алмуханұлын айттық дастарханға шақырып, дәм татқызды. Әжелер алқасы мүшелері бас имамға ыстық ықылас ниеттерін айтып, бата берді. Еліміздегі жағдайларға да байланысты дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі