#Байзақ: ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

#Байзақ: ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әдлханұлы өрт сөндіруші қызметкерлерімен кездесіп, жат ағымның алдын алу турасында насихат айтты.

         Насихат барысында Қанат Әдлханұлы: «Қазақ халқы қашанда «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген даналық сөзді тәрбиенің негізі ұстанымдарының бірі ретінде ала отырып, әр баланы Отанды қорғау жолында барлық қиындықтарға төзе білуге баулып тәрбиелейді.Дегенмен, соңғы жылдары елімізде Отан деген ұлы ұғымның қадір-қасиетінің парқына бармастан, оны қорғамақ түгілі, халықтың өзіне тән құндылықтары мен ұлттық болмысынан айырып, елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін теріс пиғылды ағымдардың әрекет жүргізіп отырғандығын байқаудамыз. Ниеті теріс мұндай ағымдардың негізгі мақсаты – ел халқының арасына іріткі салып, алауыздық тудырып, территориялық тұтастығымызға қол сұғу ғана»,- деді.

         Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: