Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты мешіттерде ораза айт намазы оқылды. Айт намазына мешітке келген жамағатқа ауыл имам-молдалары «Ораза айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Насихат барысында ауызбіршіліктің пайдасы және татулықтың маңызы және қиындыққа ұшыраған халыққа жәрдемсеудің пайдаларын тілге тиек етті. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бауырыңның жүзіне қарап жымию – садақа», – деген.