#Байзақ: АУДАН ХАЛҚЫ АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

#Байзақ: АУДАН ХАЛҚЫ АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Күллі мұсылман асыға күткен айт мерекесі күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде Ораза айт намазы оқылды. Ораза айт намазына жиналған жамағатқа әуелі аудан бас имамы «Ораза айттың маңыздылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

         Қанат Әділханұлы: Құрметті жамағат! Сіздерді барша мұсылман асыға күткен Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүмин пенделер Рамазан айының оразасын толық ұстап, айт күнi намазға бет алғанда, Алла Тағала перiштелерге: «Уа, перiштелерiм! Адамзат бейнет атқарса, ақысын талап етедi. Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн! Сендер куә болыңдар, оларды кешірдім!»,дейдi. Айт мерекесінде реңжіскен адамдар татуласып, сый-сияпат көрсетуі мұсылманның міндеті», - деді.

         Уағыздан кейін бас имам жамағатқа айт намазының тәртібін түсіндіріп, аудан халқымен бірге айт намазын оқыды. Айт намазының  соңында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы Құран оқып, дұғасын жасап, ата-баба рухына бағыштап, ел амандығы үшін дұға тіледі.

         Құлшылық аяқталған соң, ел-жұрт бір-бірін құттықтап, үй-үйді аралап, айттай бастады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: