Рамазан айының аяқталуымен келетін Ораза айтының қадір-қасиеті өте ерекше. Отыз күн ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінде аталмыш мереке жас қари Рашид Базарбайдың Құран оқуымен басталды.
Ары қарай, аудан бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев мешітке жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, Айт мерекесінің ерекшеліктерін және намаздың қалай оқылатының тілге тиек етті. Айт намазы оқылған кейін мешіт асханасында 130 адамға ас берілді. Ақ дастархан басында Құран аяттары оқылып, ақсақал қариялар еліміздің жеріміздің тыныштығы мен бірілігін сұрап дұға жасады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі