#Қордай: Хатым Құран дұғасы жасалды

#Қордай: Хатым Құран дұғасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүниеден өткен кісіге бағышталынған Алла үшін жасалған ізгі істердің, садақалардың сауабы жететіндігі секілді Құран оқып, сауабын бағыштаудың, ізгі дұға-тілектің де сауабы тиеді.

Пайғамбар (с.а.с.) өліге артында қалатын ізгі істері мен ұрпағының пайдасы болатындығы туралы айтып өткен. Марқұмдарға оқылған Құранның сауабын сыйлауға болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол жөнінде былай деген: «Кім қабірстанға кірсе және Ясин сүресін оқыса, Алла Тағала өліктердің азабын тоқтатады, ал оқыған кісі болса өліктердің санына қарай жақсылық-сауаптарға ие болады».

Осыған байланысты, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен жамағатқа рамазан айы бойы әр күні бір парадан оқылып, Құран Кәрімді бастан аяқ хатым жасады. Толық хатым етіліп біткен соң мешіт наиб имамы Жұмабайұлы Зейне дұғасын оқып, бағыштады.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: