Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірқатар мешіт имамдарының ұйымдастыруымен Құлсарыға бір камаз гуманитарлық көмек жіберілді. Атырау облысы Құлсары қаласында болған су тасқыны Тұрар Рысқұлов аудан тұрғындарын да бей-жай қалдырмады.
Бір жүк көлігіне бұзылмайтын азық- түлік, керек-жарақ заттар мен құрал-саймандар және көрпе – төсектер тиеліп, зардап шеккен ағайынға жөнелтілді. Ауданға қарасты әрбір ауылдың тұрғындары мен мешіт жамағаты көмек қолын созып, ешкім аянып қалмады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



14 Март 2026
25 Рамадан 1447

