Ауызашар берудің сауабы мол амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі» деп сүйіншілеген. (Тирмизи)
Осындай сауабы мол амал Қордай ауданы «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамед Кеулімжаевтың ұйымдастыруымен орын алды. Мешіт асханасында 180 адамға ауызашар беріп, арнайы түрде аудан бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаевті қонақ қылып шақырды. Аудан бас имамы жиналған жамағатқа келелі уағыз-насихат айтып, соңынан ақсақал қариялар бата, тілектерін айтты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі