#Байзақ: БАС ИМАМ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: БАС ИМАМ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық С.Абланов мектебінде аудан бас имамы Қанат Әділханұлы оқушылармен кездесіп, «Анаға құрмет» тақырыбында насихат айтты.

Қанат Әділханұлы: «Ана – ардақты есім. Дүниеде Ұлы Жаратушыны қоспағанда ананың мейірімінен асатын мейірім жоқ деуге болады. Сондықтан ананың орны әрқашан бір бөлек.

Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші. Ұлы Алла Тағала қасиетті Құранда: «Адамдарға ата-анасына жақсылық жасап, қарайласуды бұйырдық. Анасы қиыншылық үстіне қиыншылық көріп, оған жүкті болды. Екі жылда омыраудан айыруы (емшектен шығару) бар», – дейді.  Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Оның мейірімділігінде шек жоқ», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: