Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы және Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Аймантөбе ауылдық мешітінің имамы Кенжехан Өксіпбайұлының ұйымдастыруымен өткен арқан тарту ойынын тамашалады.
Арқан тарту – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді. Мешіт имамдары мен жамағат достастық кездесуде білек сынасып, кім мықтыны анықтады. Айқасты кездесуде аға буын жеңіске жетті.



11 Август 2026
26 Сафар 1448

