"Төле би" мешітінде аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков аудан тұрғындарына ауызашар берді. Жайылған дастарханға ауыл ақсақалдарымен өңір имамдары қатысты.
Жиында аудан имамы Алмас Рысханұлы көпшілікке "Нәпсі тәрбиесі" жайында уағыз айтты. Ақсақалдар жылы лебіздерін білдірсе, аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы Құран оқыды. Көпшілік аудан әкіміне рақыметтерін жаудырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі