Рамазан айының алғашқы күні Еңбекші ауылы "Еңбекші" мешітінінің жанынан жаңа асхана ашылды. Сыйымдылығы 250 адамды қамтитын асхана құрылысына ауыл тұрғандары демеушілік еткен болатын.
Ауыл ақсақалдары ғимараттың ашылу салтанатында лентасын қиып, ауыл имамы Арыстанбек Жаңадилов Құран оқып бата берді. Көпшілік ауылда құдайы ас, ауызашар өткізетін асхананың ашылғанына қуанып, разылықтарын білдірді.
Рамазанның бірінші күні ауызашар беріліп, ауыл тұрғындары дастархан басында бас қосты. Ауыл имамының насихатын тыңдап, рухани азық алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі