Қасиетті Рамазан айы келіп жетіп Шу мешіттерінде күнделікті ауызашарлар ұйымдастырылуда. Мұндай игі жиын "Төле би" мешітінде жасалып, Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Төле би ауылында ауызашарға қатысты.
Бас имам Түркия елінен келген қари Хусейн Байрактармен танысып, жамағат алдында рамазан айында жасалатын игі амалдар турасында уағыз айтты. Жамағатпен бірге ауыз ашып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі