Күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы, мұсылман қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы қастерлі мерекесі әз-Наурыз. Қазақ халқы ерте заманнан бері осынау күнді ерекше сезіммен қарсы алған. Қыстан күйзеліп шыққан, аузы аққа тиген ел Құдайға шүкірлік айтып, мереке қылған. Ағаш отырғызу, ұлттық тағамдарды әзірлеу, түрлі спорт ойындарын өткізу арқылы халқымыз бұл күннің құрметіне бір-бірін құшағына алып, төс қағыстырып, қайта жарасып жатқан, адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.
Осы орайда Ауданымыздың орталығында Аудандық Қордай мешітінде Наурыз мейрамы қарсаңында наурыз мейрамының шығу тарихы айтылып, мемлекеттік мейрам ретінде тойлауды ағаттығы жоқтығы жайында Айгуль Жолдасқызы Рахман мешіті ұстазы насихат айтты. Жалғасында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі