Мойынқұм ауыл жұрты ызғарлы желтоқсанда халқы үшін жанын қиған Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың рухына арнап арнайы Құран бағыштады.
Батырды еске алу наурыз айында өтуінің бір ден бір себебі Қайрат Рысқұлбеков 13.03. 1966 жылы Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Осы орайда Ердің есімін тағы бір дәріптеу мақсатында артында қалған ел жұрты жиналып батырды еске алды. Ер есімі ел есінде деген осы болар, жылдар өтседе аты өшпеген батыр ағамыздың есімі елі барда әсте өшпек емес.
Ғ.Әлім
Мойынқұм тілшісі