#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Төтенше жағдайларды алдын алу мекемесінде болып, қызметкерлерімен кездесіп, «Дәстүр құндылығы» жайында сөз қозғап, насихат айтты.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Исламға дейін әдет-ғұрыптан пайда болған, яғни өмірдің өзі туғызған шариғат негіздеріне қайшы келмейтін дәстүрге тыйым салмады. Сондай-ақ адамзат баласын бір-бірінің ұлты мен нәсіліне, ұлттық құндылықтарына тіл тигізбеуді өсиет етті. Өкінішке қарай соңғы кездері әлеуметтік желіде кейбіреулер діни және ұлттық құндылықтарымызға тіл тигізіп, қоғам арасына бүлік салып, алауыздық тудыруда. Бұдан бөлек қоғамда дін мәселесіне қатысты көптеген пікірлер айтылуда. Соның ішінде дәстүрлі дініміз бен жат ағымды бір санатқа жатқызып, айыптайтындар да аз емес. Асылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – халқымыздың дәстүрлі жолын насихаттап, салтымыз бен ғұрпымызды дәріптеп келе жатқан бірегей рухани орда.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: