Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінде «Қош келдің, Рамазан» атты іс-шара өтті. Жиынның басын “Сұлтан” мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы бастап, рамазан айының құндылығын жеткізді. Рухани азыққа толы жиын Қасиетті Құран Кәріммен ашылып, мешіт шәкірттері хормен салауат айтып жалғастырды. Мешітіміздің 20 шәкірті белсене қатысты.
Сонымен қатар, сира сабағынан викториналық сұрақтар болды, дұрыс жауап бергендерге зәм зәм суы сыйлыққа берілді. “Кім жылдам” ойынында мұғалим сани, тәджуид сабақтарынан сұрақ қойылып, дұрыс жауап бере алмаған шәкірттерге шар жарып, кішігірім жаза берілді. Іс-шара соңында мешіт ұстазы Шынали Айгерім он екі айдың сұлтаны Рамазан айының қадір-қасиеті мен оразаның артықшылығын түсіндірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі