Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылының имамы Ерғали Омаровтың ұйымдастыруымен «Арақсыз Рамазан» акциясы қолға алынды.
Ерғали имам ауыл ақсақалдарымен дүкендерді аралап Қасиетті Рамазан айында арақ сатпауға шақырып, арақтың дінімізде арам екендігін, оны ішкен адам ғана емес, тіпті сатқан адамның Алланың лағнетіне ұшырайтындығын көркем түрде жеткізіп, насихат жасады. Нәтижесінде дүкен иелері арақ-шарап сатудан бас тартты.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі