Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен ұстаздар мен шәкірттер арасында "Көрісу" дәстүрін жалғастыру әрі қасиетті Рамазан айының ауызашары өткізілді.
Жамағат арасына ынтымақ, сүйіспеншілік дәнін себетін рухани кеште Құран оқылып, білім шыңдау мақсатында ойын түрінде шариғи сұрақ-жауаптармен алмасты, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді. Иләһи нашидтер әуелетілген көңілді кеш болды. Қонақтар ризашылығын білдіріп тарқасты.
"Әл-Әділ" мешітінің баспасөз қызметі