«Шебердің қолы алтын» дейді қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – қолөнер. Ағаштан, темірден, түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиынынан қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұратын өнер туындысы.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті Әжелер алқасы осы қолөнерді қайта қолға алып, жастарға ұршық иіру, киізге ою тоқу тәрізді халқымыздың құндылықтарының бірі қолөнер түрлерімен таныстырып, практика жүзінде жасап көрсетті. Халқымыздың қалып бара жатқан рухани құндылықтарын қайта жаңғыртуға үлес қосты. Кездесу дастархан басында бас қосумен жалғасты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі