Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің ұстазы Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен әйел-қыздар секторы ақ жаулықты әжелерге арнап "Дәстүріміздің балқаймағы - әжелер" атты рухани іс-шара өткізді.
Кеш барысында мешіт имамы Аят қажы Дыбысұлы сөз сөйлеп, дін мен дәстүр туралы насихатын айтып жиынды ашып берді. Әжелерге құрмет ретінде орамал сыйлап, дастархан жайылды. Жиналған көпшілікке "Жәми" мешітінің ұстазы Гүлжан Сағындыққызы уағыз айтты.
Дастархан басында әжелердің көзімен көрген өмірлік тәжірибелері сөз болып, жастарға насихат айтылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі