Шу ауданы "Кәрібай молда" мешітінде әйелдер жамағаты арасында "Дін мен дәстүр" тақырыбында ұстаз Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен рухани жиын өтті.
Шарада "Балаға азан шақырып ат қою" дәстүрі жасалды. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, ақ жаулықты ақ әжеміз баланың туылғанынан бастап ер жеткеніне дейін жасалатын дәстүрлерді баяндады.
Бесік салар тәртібі түсіндіріліп, балдырған балалардың жүрек жарды өлеңдері тыңдалды. Әйелдер жамағатына дастархан жайылып, көпшілік ас басында насихат тыңдады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі