Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы көпбалалы отбасыға қаржылай көмектесті. Бас имам көмекке мұқтаж көпбалалы отбасын зиярат етіп, отбасы жағыдайымен танысты.
Қазіргі уақтытта үйіне жылу (теплый пол) кіргізіп жатқан отбасыға, бас имам: « Үйдегі алты бала жылы жерде ойнасын деп үй жылуының (теплый пол) керек заттарына» - деп «Меркі ата» мешітінің атынан 150 000 тг қаражат пен кілем табыстап, отбасына береке тілеп, дұға жасап қайтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі