Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Әйел-қыздар секторының мұрындық болуымен "Толеранттылық және жақсы ойлау" тақырыбында діни кездесу өтті. Шараға арнайы Дін істері басармасы Дін проблемаларын зерттеу оңалту орталығының инспекторы Камила Мырзабаева қатысып, қыз-келіншектерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Білікті дінтанушы орталық мешітте қазақ және орыс тілді сауат ашу топтарының шәкірттеріне діни ақпаратты ғаламтор, кітап көздерінен іздегенде мұқият болуын атап өтті. Рұқсат берілген сайттар мен рұқсаты бар әдебиеттерді ғана пайдаланудың маңыздылығын айтып жеткізді.
Маман рұқсаты жоқ дерек көздердің тізімін атап, толеранттылық, жақсы ойлау, ойды түзеу турасында мардымды насихат айтты. Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, дәлелді жауаптар алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі