Қазіргі таңда әлеуметтік желі, интернет, белгілі бір сайттар арқылы адамдар бір-біріне қоқан-лоқы көрсетіп, зорлық-зомбылық жасап жатқаны көптеп кездеседі. Осыған орай, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы Саламат Аманбаев Т. Рысқұлов атындағы №23 мектеп ұстаздарымен, оқушыларымен «Буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Аталмыш жиынға әкелер кеңесінің төрағасы Сейіткерім Абдрахманов, жастар қоғамының төрағасы Ерсін Байбоғыров және мектеп психологы мен мектеп заңгері қатысты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



11 Ноябрь 2025
20 Джумада-авваль 1447

