Қордай ауылдық округі, «Коворкинг» орталығында жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жат ағым зардабы тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге қатысқан «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Лекцияға жиналған жастарға бас имам жастардың дініміздегі орнын ерекше белгілеп, жат ағымнан сақтану жолдарын түсіндірді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



11 Ноябрь 2025
20 Джумада-авваль 1447

