Қордай аудандық Қордай мәдениет үйінде «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында ауыл имамымен кездесу болып өтті.
Аталмыш іс-шарада Алға ауылы «Омар» мешітінің имамы Жұмабайұлы Зейне діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудыратындығын жиналған көпшілікке айтты. Жиынға қатысушылар имамға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі