Қордай ауданы, Қордай ауылдық округінде «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесу болып өтті. Кездесуді Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Саидов Мухтар мен Қордай ауданының бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы жүргізді.
Елдің болашағы жастарға «Жат ағым жарға жығады!» тақырыбында лекция оқылып, студенттердің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі