#Байзақ: III АЙМАҚ ИМАМДАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

#Байзақ: III АЙМАҚ ИМАМДАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінің имамы Мамбетназарұлы Төребайдың ұйымдастыруымен III аймақ имамдарына «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Есет Таласбаев және Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы қатысты.

Есет Таласбаев ауыл имамдарына: ««Насихат» сөзі араб тілінде бір нәрсені бөтен нәрселерден ажырату, адалдық таныту және шынайы жақсы сөз бен істер, ақыл айту, кеңес беру, жол сілтеу, деген мағыналарды білдіреді. Насихат Ислам дінінің күнделікті тұрмыста қолданылуы, өнегелі ұстанымдарын ұстану, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу мақсатында білетіндердің білмейтіндерге үйретуі, еске салып отыру мәніндегі өсиеттер.

Насихат айту Құранда мүминдердің бір қасиеті ретінде сипатталған: «Еске сал, бәлкім, еске салғаның мүминдерге пайдасын тигізер» (Зарият сүресі, 55).

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Дін – дегеніміз насихат» дейді. Сахабалар: «Кімдер үшін насихат?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыздан «Алла және  Елшісі, кітабы, мұсылман басшылар және бүкіл мұсылмандар үшін» деген жауап естіген (Бұхари, Иман, 42).

Ғалымдар бұл хадистегі  насихат сөзінің мына мағыналарға келетінін айтқан: Алланың бар екеніне әрі бір екеніне шын көңілмен илану, хазірет Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар екеніне сеніп, сүннетін берік ұстану, бойындағы ізгі қасиеттерін үлгі ету, Құрандағы үкімдерді үйреніп, басқаларға үйрету, білмейтіндерге дұрысын көрсету, білмеген мәселелерінде жөн сілтеу, өзге мұсылмандар алдындағы борышын шынайы атқару, мұсылмандардың баршасына игі дұға етіп, жақсылықты дәріптеу», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: