#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: ОБЛЫС НАИБ ИМАМЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімдік ғимаратының мәжіліс залында облыстық мешіттің наиб имамы Есет Таласбаев Көкбастау ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге округ әкімі Қуаныш Жетпісбайұлы, Байзақ аудандық мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы және тұрғындар қатысты.

 Шара аясында Есет Таласбаев: «Дініміз Ислам жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін айтып, олардың тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырады. Жастық шақты адам өмірінің ең маңызды бөлігі деп санап, оны бос өткізіп алмай, пайдалы іске арнауды өсиет етеді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Рум» сүресі, 54-аятында: «Ол сондай Алла, сендерді әу баста әлсіз етіп жаратты. Сосын әлсіздіктен кейін күш берді, сосын қайта күш-қуатыңды кемітіп, қартайтты. Ол қалағанын жаратады. Сондай-ақ, Ол бәрін білуші, құдірет күштің иесі», – деп айтқан.

Аятта жастық шақтың екі әлсіздік ортасындағы адам бойына күш пен жігер бітетін уақыт екендігі баяндалуда. Осы аят тағылымын әрбір жас ойланып, бойында күш-қуатын білім алуға, игі істер атқарып, өзгелерге пайда келтіруге тырысуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе келместен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: қарттық келместен бұрын шастық шақтың, ауру келместен бұрын денсаулықтың, кедейлік келместен бұрын байлықтың, шұғылданбастан бұрын бос уақыттың және ажал келместен бұрын өмірдің қадірін біл», – деген (имам Бұхари, Термизи). Әр елдің болашағы ондағы жастардың тәрбиесімен тікелей байланысты. Жастары білімді, рухани дамыған елдің болашағы да жарқын болмақ. Сондықтан да ақын Мағжан Жұмабаев:

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн, – деп, жас ұрпаққа үлкен үміт артқан», - деді. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: