Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Екі нығмет бар, көпшілік адам сол екі нығметтің қадірін білмейді: бірі – денсаулық, екіншісі – бос уақыт». Осы уақыттың маңыздылығын түсініп, әр минутын босқа жібермей игілікке жұмсауға шақыру мақсатында Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің ұстазы Ғалия Байториева әйелдер жамағатына уағыз айтты.
"Екі маңызды нығмет" тақырыбында ұйымдастырлған насихат дастархан басында өтті. Ұстаз уағыз барысында Алланың бізге беріп жатқан нығметін дұрыс қолдану турасында ақпарат беріп, жамағаттың көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар беріп өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі