"Дін мен дәстүр құндылығы" жылына орай Шу ауданында футбол ойынынан турнир өтті. Шараға Жамбыл облысына қарасты аудандар қатысты. Тартысты әрі қызыққа толы ойын нәтижесіне сай 1 орынды Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті тобы жеңіп алды. Ал 2 орынды "Қордай" мешіті құрамасы иеленде, 3 орын "Меркі" мешітінің құрамасына бұйырды.
Үздік ойыншыларға да арнайы алғыс хаттар табысталды. Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен, кубокпен және медальдармен марапатталды. Жеңімпаздарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады.
Шара соңында "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят Дыбысұлының мұрындық болуымен дастархан жайылып, ойынға қатысқандарға ас берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі