Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінде Әйел-қыздар секторының діни сауат ашу курсы ашылды. Ұстаз Ғалия Картенбайқызы Құран әліппесі, тәджуид, фиқһ, сира пәндері бойынша дәрістер жүргізуде.
Қазіргі уақытта аптасына 3 күн сабақ тұрақты түрде өткізіліп келеді. Алғашқы лекке жазылған шәкірттер саны 15 адамды құрап отыр. Сонымен қатар қыз-келіншектер оқитын дәрісхананың іші жаңартылып, банерлер мен сөрелер қойылған болатын. Сауат ашу курсына жас шектеуіне қарамастан кез-келген қыз-келіншектер, әжелер қатыса алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі