#Шу: РАНТ мүшесі Шулықтарға насихат айтты

#Шу: РАНТ мүшесі Шулықтарға насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен жастарды жат ағымнан сақтау бойынша бірнеше игі кездесулер жасалды. Шу өңіріне РАНТ мүшесі, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы іс-сапарпен келіп, тұрғындармен дидарласты. 

Маманмен кездесу барысында тұрғындар діни білімдерін толықтырып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. "Өскелең ұрпақтың жат ағымның жетегінде кетпей, қазіргі заманғы адам және қоғам өміріндегі діннің маңыздылын, ерекшелігін дұрыс түсіне білетін, ұрпақтан-ұрпаққа дұрыс жеткізіп, дұрыс жолға салу ортақ міндет" - деп атап өтті исламтанушы.
 
Шараға қатысқан өңірдің имам-молдалары, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер көкейкесті сауалдарын қойып, дәлелді, нақты жауаптарын алды. 
 
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: