#Жамбыл: Дін мен дәстүр жайлы насихат айтылды

#Жамбыл: Дін мен дәстүр жайлы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылы, «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің молдасы Ансар Абилов «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында жамағатқа насихат айтты. Тақырып жан-жақты талқыланып түсіндірілді.  «Құранда: «Әй адам баласы! Күмәнсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ (мақтану үшін емес) бір-біріңмен танысып-білісу үшін сендерді ұлт-ұлтқа, ру-руға бөлдік. Расында Алланың құзырында ең ардақтыларың тақуалықта ең жақсы болғандарың. Шүбәсіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабардар болушы» - деп, Алла тағаланың өзі ұлт пен ұлыстарға бөлгендігі айтылған. Ол әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар деген сөз. Өзінің мәдениеті, салты, әдет-ғұрыптары. Дін мен қоса салт-дәстүрінде бірге алып жүруге меңзегендей, бірақ аятта ескертілгендей мақтану мен бөліну үшін емес» - деп дін мен дәстүр тек бірігуге шақыратындығын атап өтті.

 Шара соңында сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Шараға 21 адам қатысты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: