Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің асханасында ауған соғысы ардагерлері бас қосып, соғыста шейіт болған бауырларының рухтарына Құран оқытып, дұға жасап, ас беріп еске алды. Сонымен қатар, ауыл мешітінің имамы Үмбет Сабырханов жамағатқа айтқан уағызында уақыттың қадірі мен ысырапшылдық турасында баса айтты. Артынан, ауған соғысының ардагерлеріне сөз беріліп, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі