Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламан мешітке келуші жамағатқа «Фиқһ» сабағынан дәріс өткізуде.
Әрбір мұсылман өзінің Алланың алдындағы міндеттері мен құлшылығын жетік білуі керек. «Фиқһ» дәрісі мұсылман адамның құлшылығын реттейтін сала. Құлшылықты не бұзады, қалай дұрыс орындалады деген сынды сұрақтарды осы «Фиқһ» саласы қарастырады.
Жамағат дәріс барысында көптеген мағлұматтар алып, құлшылықтарын ретке келтіруде. Дәріс соңында жамағат ұстаздарына сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алуда.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі