Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы намазға келген жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты.
Азамат Берікұлы өз сөзінде: «Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда болған. Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді. Мысалы, қазақ жерінде кезінде ғұмыр кешкен тайпалардың салт-дәстүрлері бөлек болғаны анық. Ал сол халықтардың жалғасы болып саналатын қазақ халқының нанымы мен танымы, салт-санасы Ислам дінімен бірге қабыса дамыды.
Кезіндегі ата-бабаларымыздың шыр етіп дүниеге келген сәбиге ат қоюдан бастап, өмірінің соңына жетіп жан тапсырған жаназа рәсімдеріне дейін қолданған дәстүрлері Ислам дінімен біте қалыптасқан», - деп, халықты ата-бабамыздың дәстүрін құрметтеуге шақырды. Уағыз соңында аудан имамы жамағаттың қойған сұрақтарына жауап берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі