Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің дыбыс зорайтқышы жөндеуден өтті.
Азанды ел – азбас демекші, осыдан бірер күн бұрын азан даусының естілмеуіне шағымданған жамағаттың сұраныстары қанағаттандырылды. Ауыл имамы мен мешіт жамағаты аз уақыт ішінде мешіттің дыбысзорайтқышын жөнге келтірді.
Азан сөзі арап тілінен аударғанда — хабарлау, құлақтандыру деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы — мұсылмандарды уақыты кірген намазға шақыру дегенді білдіреді.
Ауыл имамы осынау игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Алла Тағала тәуелсіздігімізді мәңгі етіп, көк аспанымызда туымыз желбіреп, әрдайым азанымыз шақырылып тұруын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі