Талас ауданы, Тамды ауылы, "Тәңкібай Ата" мешітінде ауылымыздың тумасы Рашид ұлы Әлфарабиді еске алуға арналған Аудандық сауат ашу курсы шәкірттері арасында Құран жарысы болып өтті.
Жарысқа 20 шәкірт қатысып бақтарын сынады. Бірінші орын алған "Тәңкібай Ата" мешітің шәкірті Дүйсенбі Аянға 30 000 теңге. Екінші орын алғаны үшін "Әбдірашит ата" мешітінің шәкірті Ғазиз ұлы Мухамедәлиге 20 000 теңге. "Тәңкібай Ата" мешітінің шәкірті Жақсыбек Ақылжанға 10 000 теңге табысталды.
Барлық қатысушыға ақшалай сыйлықтар беріліп мақтау қағазымен марапатталды. Аталмыш шараға Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің наиб Имамы Ұзақов Азамат және "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек төрелік етті. Әл-Фарабидың әкесі Ауетов Рашид ағамыз бен ауылымыздың ақсақалы Құралбаев Қанат атамыз ақ батасын берді.
"Әбдірашит Ата" мешітінің Имамы Ахат Қайыпбергенұлы жиналған жамағатқа Құран үйренудің және Құран оқудың сауабы туралы уағыз насихат айтып өтті. Келген барша жамағатқа дастархан жайылды. Жиын соңында мешіт ақсақалы бата беріп, ізгі тілегін білдірді.
"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.