#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ ҰҒЫМ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ ҰҒЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты мешітінің имамы Байхожаев Нұрдәулет ауылдық кітапханада өткен дөңгелек үстелге қатысты. Жиырма шақты адам қатысқан жиын «Дін мен дәстүр егіз ұғым» тақырыбында өтті.

Ауыл имамы сөзінің басын: «Барлық адам баласы бір ата мен анадан тараған. Түбі бір ата-анаға барып тірелсе де, әр халықтың өзіне тиесілі алуан-түрлі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бар. Аятта айтылғандай, Алла Тағала ұлыстар мен тайпаларды өзара тану үшін жаратқан. Әр халықтың өзін танытатын салт-дәстүрі бар. Егер салт-дәстүрі жойылса, сол халықтың өзі де жойылары сөзсіз.

Діннің мақсаты белгілі бір ұлттың дәстүрін, әдет-ғұрпын мансұқтау емес. Ислам діні бүкіл халықты дәстүрі мен құндылығын сақтау арқылы надандық соқпағынан алып шығады. Әрине, шариғатқа қайшы келетін дәстүрді ұстануға рұқсат бермей, тыйым да салады. Бұл ұстаным жайында дана халқымыз «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» былай. Демек бұл ұстаным шариғат қағидасымен ұштасып жатқанын айта аламыз», - деп бастады.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: