Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық мешітінің имамы Бақытжан Әлімбаев мәдениет үйінде өткен «Рухтың күші әкеде» атты іс-шараға қатысты. Бұл ауқымды іс-шараға ауыл әкімі, ақсақалдар алқасы мен мектеп мұғалімдері де ат салысты.
Жиында «Әке» атты ардақты тұлғаны ұлықтап, оның отбасыдағы және қоғамдағы орны мен мәртебесі жайында түрлі ой-пікірлер ортаға салынды. Іс-шара соңында ауыл әкімі өңірге еңбегі сіңген белсенді әкелерді марапаттап, алғыс хат табыстады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі