#Шу: Бас имам мектепте ата-аналармен кездесті

#Шу: Бас имам мектепте ата-аналармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Ғани Муратбаева мектебінде ата-аналармен кездесу өткізді. Дін мен дәстүр сабақтастығы, діндегі бала тәрбиесініің маңыздылығы, жат ағым аулақ жүр тақырыбында аясында насихат айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. 

Жиынға Шу АПБ ЖПК ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Б.Жабасбаев, Шу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы-кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Г.Мадияр мырза қатысты.

"Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады. Және де біздің жүріс-тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, бірқалыпсыз, кейде қарама-қайшылықта болып  жатады. Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек сияқты. Өйткені осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, балаға деген махабаттың жетіспеушілігінен пайда болады" - деп атап өтті имам.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: