Төле би ауылы Е.Бекмаханов мектебінде ата-аналармен діни кездесу ұйымдастырылды. Шараға Шу өңірінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев қатысып қайтты.
"Дініміздегі бала тәрбиесі" тақырыбы турасында сөз қозғалып, инабатты, ибалы, иманды ұрпақ тәрбиелеу үшін ата-ана жасайтын әрекеттер айтылып, аналардың сұрақтарына жауапбар берілді.
"Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші әрине ата-ана. «Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашығы да жарқын болмақ» - демекші, «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін әріден бастау керектігін де айтып кеткен. Адамгершілік үстемдік құрған қоғамның азаматын тәрбиелейтін мектеп ол – әрине Отбасы. «Отан – отбасынан басталады» деп те айтамыз" - деп атап өтті имам.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі