Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұжымы бастаған мешіт жастары спорт залда бас қосып, «Ислам және дәстүр құңдылығы» жылы аясында волейбол ойынын ойнады.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Қазір әлемдік қауымдастық өзінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға күш салуда. Өйткені, жаһандану заманында дәстүрлі құндылықтарды сақтап қалу маңызды мәселеге айналды. Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқанын жақсы білесіздер», - деді.