#Байзақ: ДІН МЕН ДӘСТҮР АЯСЫНДА ӘКІМДІКТЕ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: ДІН МЕН ДӘСТҮР АЯСЫНДА ӘКІМДІКТЕ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округ әкімдігі ғимаратында Талас ауылдық «Ан-нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафилбекұлының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» аясында ауыл ақсақалдарымен семинар өтті. Семинар жұмысына Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, ауданның наиб имамы Баешов Азамат және ауыл ақсақалдары қатысты.

Қанат Әділханұлы семинарда: Ислам діні – ұлты­мыз­дың басты рухани негізі, ата-баба­ларымыздың ұстанған, қас­тер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасыр­дан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дарқан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне бағдарлық баяндамасын жолдап, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады.

Дінімізді насихаттап дәріптеп, дәстүрімізді дәріптеу халқымыздың рухани қуатын арттырып, табысқа жетелейді. Осындай бағыттар мен жобалар арқылы дәстүрімізді дінмен сабақтастырып, асыл құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз», -деп «Дәстүр құңдылықтары» тақырыбында насихатын айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: