Бүгін ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен "Қаратау Қажы би" орталық мешітінде имамдар жиналысы өтті. Жалғасбай Дүйсенбайұлы биылғы жыл "Ислам және дәстүр құндылықтары" жылы болып бекітілгенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар 2024 - жылдың жылдық жоспары түсіндіріп, дін қызметкерлерге имамдық жұмыстың жауапкершілігін сезінуді әрі шынайы ықыласпен қызмет етулерін талап етті. Мүфти Хазреттің 5 бағыт бойынша нақты тапсырмалары мен міндеттемелері егжей-тегжейлі талқыланып, әр бағыт бойынша имамдарға жекелей жүктемелер берілді.
Жиын соңында Көктал ауылы имамы дұға етіп, биылғы жылдың қызметін абыройлы әрі тиянақты түрде атқарып шығуына бір Алладан жәрдем тілеп, ізгі ниетпен ақ батасын төкті.
Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.